Путин қорқытты ма? Армения Қарабақты толық Әзірбайжанға бере салды
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Армения Таулы Қарабақ территориясы Әзірбайжан мемлекетіне тиесілі екенін мойындады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы ТАСС жазды. Онда Арменияның Қарабақ территориясын мойындағанын Путин айтқаны жазылған. Яғни, Армения премьер-министрі Пашинян Гранадада Еуропалық саяси қоғамдастық саммитінің декларациясына қол қойып, онда Әзербайжанның аумақтық тұтастығын мойындаған көрінеді.
Құжатта Әзербайжанның аумағы Қарабақ территориясын қосқанда 86,6 мың шаршы шақырымды құрайды деп көрсетілген.
"Тараптар барлық күш-жігерді Арменияның (29 800 шаршы км) және Әзербайжанның (86 600 шаршы км) егемендігін, шекараларының мызғымастығы мен аумақтық тұтастығын тануға негізделген екі ел арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға бағыттамақ", - делінген декларацияда.