- Басты жаңалықтар
- Әлем
- Путиннің қаруы таусылды ма? Солтүстік Корея басшысы брондалған пойызымен Ресейге келді
Путиннің қаруы таусылды ма? Солтүстік Корея басшысы брондалған пойызымен Ресейге келді
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Солтүстік Корея Президенті Ким Чен Ын Пхеньяннан брондалған пойызымен Ресейге жол жүріп келді. Онда Путинмен кездесу жоспарланған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ким Чен Ын 10 қыркүйек күні жолға шыққан. Бүгін Ресейдің Приморск өлкесіндегі Раздольная өзені арқылы теміржол көпірін кесіп өткені айтылуда.
Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей басшысының Ким Чен Ынмен кездесуі Қиыр Шығыста өтетінін айтты. Оның айтуынша, бірінші кезекте елдердің көшбасшылары екіжақты ынтымақтастыққа, сауда-экономикалық байланыстарға және мәдени алмасуларға байланысты мәселелерді талқылайды.
Сондай-ақ, Екі лидер Ресейдің әскери технологиясын Солтүстік Кореяның артиллериялық снарядтары мен ракеталарына айырбастау мәселесін талқыламақ.