“Пышақпен бауыздаған”. Ақмола облысында ит жегіштер ұсталды
Uaqyt.info
Фото pixabay
Ақмола облысының Атбасар қаласында екі адам итті сойып, оның етін тамаққа пайдаланбақ болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
ІІМ таратқан мәлімет бойынша, жергілікті екі тұрғын түнде көшедегі итті ұстап алып, оны қой секілді бауыздаған. Одан кейін етін бөлшектеп, үйлеріне алып кеткен. Жануардың етін олар тамаққа пайдаланбақ болыпты.
«Қылмыстық ниетті жүзеге асыру үшін олар жануарды пышақпен өлтіріп, етін мүшелеп, үйге алып кеткен, ал қалған бөліктері оқиға орнында қалған», - делінген хабарламада.
Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктілерді қолға түсірді. Олар жасаған қылмыстарын толық мойындап отыр. Ит жегіштердің үстінен ҚК 316-бабы 3-бөлігі (жануарларға қатыгездік) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.