"Қадірі кетті". Тойда Мәдина Сәдуақасованың микрофонын жұлып алды
Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан
Тойда ән айтқан әнші Мәдина Сәдуақасованың микрофонын белгісіз жігіт жұлып алды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеодан әнші Мәдина Сәдуақасованың тойханада ән айтып тұрғанын байқайсыз. Бірақ белгісіз жігіт аяқ асты қолындағы микрофонын жұлып алады. Артынша өзі әнді жалғастырады.
Десе де бұл жағдайға желідегі жұрт түрлі пікір қалдыруда. Бірі әншіні сынаса, енді өзгелері оның сабырлылығына тәнті.
"Тойға барып қадірі кетті, әртістердің". "Осы қатын құтырды-ау". "Қазақтың сұлуы, бәрі жарасады". "Өзін еркін ұстайтыны ұнайды, сабырлы", - деген жазбаларын жазуда желідегі жұрт.