Saturday, 23 November,2024

Қайрат Боранбаев оқырмандарына не үшін алғыс айтты?

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы, кәсіпкер Қайрат Боранбаев әлеуметтік парақшасында оқырмандарына алғыс айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“22 тамызда біз талқылаумен айналысамыз деп мәлімдеген сот отырысы өткенін хабарлағым келеді. Қазір шарттары прокуратурамен қаралуда. Бұл процесті тіркеу туралы Мен сіздерге қосымша хабарлаймын. Баршаңызға рахмет”, - дейді кәсіпкер. 

Айта кетейік, Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы Қайрат Боранбаевқа қатысты істі қарады. Іс жүргізу келісімінің бастамашысы – Боранбаев. Өзге сотталушылар Наханов пен Жанұзақов оған қосылатындарын мәлімдеді.

Боранбаевтың адвокаты кәсіпкердің кінәні мойындау туралы іс жүргізу мәмілесін жасасу және қылмыстық іс бойынша залалды өз еркімен өтеу мәселесі бойынша қылмыстық қудалау органдарымен ынтымақтасуды сұрады.

 

Ұсынылатын