- Басты жаңалықтар
- Экономика
- Қайрат Боранбаевтың Алматыдағы ірі сауда орталығы мен бизнес нысандары мемлекет меншігіне өтті
Қайрат Боранбаевтың Алматыдағы ірі сауда орталығы мен бизнес нысандары мемлекет меншігіне өтті
Қайрат Боранбаевтың құны 33,75 млрд теңге болатын Алматыдағы кеңсесі, сауда және ойын-сауық кешені, сауықтыру және фитнес желісі мемлекет меншігіне өтті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
«Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевтың мүлкін мемлекет меншігіне қайтару шараларын жүргізіп жатыр. Мемлекет кірісіне жалпы құны 33,75 млрд теңге болатын кеңсе, сауда және ойын-сауық кешені, сондай-ақ сауықтыру және фитнес желісі өтті.
Атап айтқанда, оңтүстік мегаполистің орталығында орналасқан «Алмалы» сауда орталығының ғимараты, сондай-ақ жалға беру және мүлікті басқарумен айналысатын «Unity Hall» ЖШС. «Алматы Тауэрс» бизнес орталығында орналасқан нысанның ауданы 11 мың шаршы метрден асады.
Сондай-ақ, «Fitnation» фитнес клубтар желісі мемлекет меншігіне өтті», - делінген агенттік хабарламасында.