Қайрат Боранбаевтың тағы бір мүлкі мемлекет меншігіне қайтарылды
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
6 жылға сотталған кәсіпкер, әрі Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаевтың мұнай компаниясы мемлекет меншігіне өтті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Кәсіпкерге тиесілі Phystech II мұнай компаниясының 100% акциясының жалпы құны 35,4 млрд теңгеге бағаланған.
"Акционерлер жалпы құны 35 417 122 000 теңгені құрайтын қоғамның 13 749 100 жай акциясын (100%) мемлекет меншігіне ерікті түрде және өтеусіз өткізу туралы шешім қабылдады", – делінген KASE Қазақстан қор биржасының сайтында.
Айта кетейік, Қайра Боранбаев қаржы жымқыру фактісімен 6 жылға сотталған еді.