Қайрат Боранбаевтың жазасы 2 жылға қысқартылды
Елордада 8 жылға сотталған Қайрат Боранбаевтың ісі қайта қаралды. Осылайша судья оған тағайындалған жазаны 2 жылға қысқартқан, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қайрат Боранбаевтың ісін Астана қалалық соты қайта қарады.
"Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы үкім шығарды. Т. Жанұзақ ҚР Қылмыстық кодекстің 189-бабы 2-тармағының 4-бөлігі және 55-бабы 4-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылып, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қ. Боранбаев пен Р. Наханов ҚР Қылмыстық кодестің 28 - бабы 5-бабы, 189-бабы 4-бөлігі, Қылмыстық кодекстің 2-тармағы 218-бабы 3-тармағы 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылсын. Олардың мүліктері тәркіленіп, әрқайсысына 6 жыл жаза тағайындалсын", - деді сот коллегиясының төрағасы Айсұлу Сламбекова үкімді оқи отырып.
Одан бөлек, судья Қайрат Боранбаевқа берілген мемлекеттік наградалар мен атақ-дәрежелерден айыру туралы Президентке ұсыныс білдірілетінін айтты.
Айта кетейік, Қайрат Боранбаев 2022 жылы 17 наурызда соттың шешімімен қамауға алынған еді. 2023 жылдың наурыз айында соңғы сөзін айтқан кәсіпкер 8 жылға бас бостандығынан айырылған. Кейін сот Қайрат Боранбаевтың тергеу органдарымен мәмілеге келуін қанағаттандырды.
Осылайша мемлекет меншігіне миллиардтаған мөлшердегі мүлікті қайтарған кәсіпкер жазасы 2 жылға қысқарып отыр.
Еске салайық, бұған дейін Қайрат Боранбаевтың 90 миллиард теңгенің мүлкін мемлекетке қайтарғанын жазған едік.