Friday, 17 May,2024

Қайрат Нұртас боғауыз сөз айтқаны үшін жазаланды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Танымал әнші Қайрат Нұртас сахнада былапыт сөз айтқаны үшін айыппұл арқалады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Естеріңізге сала кетейік, ғаламторда әншінің сахнада тұрып былапыт сөз айтқаны қызу талқыланды. Қоғамда қызу талқыланған мәселеге қатысты полиция жауап берді. Ондағылар әншіге айыппұл салғандарын жеткізді.

"Бейнежазбада қоғамдық орында балағат сөздер айтқан әнші жауапқа тартылды. Ұсақ бұзақылық бойынша оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды", - делінген полиция хабарламасында.

Ұсынылатын