Saturday, 23 November,2024

Қайрат Нұртас "мамасының" баласы ма? Гүлзира Айдарбекова бар шындықты жайып салды

Алмас Абылай
Фото

Отандық танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова қоғамдағы көп айтылатын сөзге жауап берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Қайрат, мамасының баласы". Қоғамда жиі айтылатын осы бір сөзге Гүлзира Айдарбекова ашық жауап берді. Ол бейнежазбаны әлеуметтік парақшасына жүктеген. Онда дәл осы сөз айтылған сайын өзін ыңғайсыз сезінетінін, бірақ концерттердің бірінде Қайраттың арнайы мәлімдемесі жүрегін орнына түсіргеніне тоқталады.

"Қайрат мамасының баласы" деген сөз көп айтылады. Тіпті бұл сөз баламның психологиясына әсер етті десем де болады. Бірақ Қайрат бір концертінде "Сен қандай жағдайда болсаң да, мейлі мүгедек бол, сені тастамайтын бір-ақ жан, ол – ана" деп мәлімдеді. Жұмақтың кілті – ананың табанының астында дейді ғой. Баламның сол сөзінен кейін өзім жеңілденіп қалдым. Себебі бұған дейін әлгі сөзден мен өзімді ыңғайсыз сезінетінмін. Бұл Алланың берген бағы ғой. Қайраттан да диапазоны кең, дауысы мықты қаншама әншілер бар. Бірақ Құдай бақты көтере алатын адамға береді. "Қайрат анасының арқасында жүр" дейтіндей, мен оның орнына барып ән айтпаймын. Мен тек оның потенциалын көріп, сахнаға шығуына себепкер болған анамын. Ана жүрегім оған көмектескісі келді. Қайраттың арманын орындағым келді. Қанша адамдардың алдына барып: "Продюсер болсаңыз екен" деп өтініш айттым. Ол кезде Қайрат танымал болмаған соң ешкім елеген жоқ. Кейін шыққаннан кейін ғана: "Охо, бізге беріңіз" деп жатты. Бірақ ол кезде бәрі кеш еді. Мен бастаған ісімді аяқтап, өзім сонымен айналысып кеттім. Армандарымның орындалғанына әлі күнге дейін қуанамын", – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Ұсынылатын