Қайрат Нұртас тағы бір бап бойынша айыппұл арқалады
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Қайрат Нұртас екі бірдей жауапкершілікке тартылып, айыппұл төледі, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ол көлікте қауіпсіздік белдігін таппағаны үшін кінәлі деп танылды.
“Құқықбұзушыға қатысты шаралар қолданылыды. Көлікті қауіпсіздік белдігін тақпай жүргізгені үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ӘҚБК – нің 593-бабы 2-бөлігі)", – деп хабарлады мекеме басшылығы.
Айта кетейік, бұған дейін әнші сахнадан былапыт сөз айтқаны үшін айыппұл арқалаған болатын.
“Бейнежазбада қоғамдық орында балағат сөздер айтқан әнші жауапқа тартылды. Ұсақ бұзақылық бойынша оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды", – делінген полиция хабарламасында.