Friday, 22 November,2024

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қаңтар оқиғасы бойынша айыпталған кәсіпкер Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 21 мамырға дейін ұзартты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

«Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 17 сәуірдегі ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Қ.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни 2023 жылдың 21 мамырына дейін», - делінген сот мәліметінде.

Естеріңізге сала кетейік, кәсіпкер 2022 жылдың сәуірінде қамауға алынған болатын. Оған Қаңтар оқиғасы кезінде Арман Жұмагелдиевпен адамдар жинады деген айып тағылған еді.

Ұсынылатын