Қайрат Сатыбалды мемлекетке 850 млрд теңге қайтарды
Экс-президен Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды мемлекетке 850 млрд теңгеден астам қаражатты мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов мәлімдеді.
“Бүгінгі таңда Қайрат Сатыбалдыға қатысты 218-баптың 3-бөлігі – қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қайрат Сатыбалдыұлы қылмыстық жолмен табылған қаражатты және заңсыз ақшадан түскен пайданы пайдалана отырып, әртүрлі мүлікке, соның ішінде шетелде де иемденіп, Қазақстандағы және шетелдегі банк шоттарына ақша салған. Бұл іс қазір сотта қаралып жатыр. Осыған орай, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, жаңа ақпарат түскен бойда халыққа ақпаратты жеткіземіз. Бүгінгі таңда жалпы сомасы 850 миллиард теңгеден аса тәркіленген барлық мүлік мемлекетке қайтарылды”, - деді Арман Тілеукенов.