Қайрат Сатыбалды мерзімінен бұрын бостандыққа шыға ма? Сот жауап берді
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Сот Қайрат Сатыбалдыны шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалды шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шықпайтын болды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының соты хабарлады.
“Сотталған Қайрат Сатыбалдының бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығын шектеумен ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартамыз”, - делінген сот хабарламасында.
Айта кетейік, Қайрат Сатыбалды 2023 жылдың қыркүйегінде 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Оған «Қазақтелеком» АҚ мен «Көлік сервис орталығы» АҚ-нан аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген айып тағылған еді.