Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі «Байсат» базары мемлекетке қайтарылды
                     Uaqyt.info 
                    
  
                    
  
                
                
                         Фото 
                                                        Алматыдағы Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі «Байсат» базарының бір бөлігі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы хабарлады. Онда «Алматы жылу» холдинг кешенінің (қазіргі «Байсат» базары) мүлкімен жасалған барлық мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі заңды күшіне енгені туралы айтылған.
«Жалпы ауданы 4 221,4 м² 3 объекті мен 1,4 га жерден тұратын мүлік Бауыржан Нурсултанға (Қайрат Сатыбалдының ұлы) тиесілі «ҚазГерСтрой бірлескен кәсіпорны» ЖШС және «Astana Finansial Group» ЖШС өзара үлестес компанияларының меншігінде болды», - деп хабарлады прокуратурадан.
            


