Қайтыс болған әйел жерлеу рәсімі кезінде тіріліп кетті
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Эквадорда 76 жастағы әйел жерлеу рәсімі кезінде тіріліп кетті. Ол табытты қағып, ышқына дауыс берген, деп хабарлайды Uaqyt.info.
ВВС басылымының жазуынша, 76 жастағы Белла Монтойя 9 маусымда көз жұмған. Әйелді жерлеуге жиналған туыстары марқұмды көрге тапсырар кезде, бір сұмдықтың куәсі болады.
Олар табыттан шыққан дауысты естіп, қақпағын ашса, өлген әйел тірі жатыр екен. Дереу ауруханаға жеткізгенімен, әйел бір аптадан кейін қайтыс болды.