Saturday, 18 May,2024

"Қайырлы таң, Арнольд". Шварценеггердің жалғыз велосипед тепкен сәті жұрт талқысына түсті

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Лос-Анджелес көшелерінде жалғыз велосипед тепкен Арнольд Шварценеггердің бейнежазбасы жұрт назарына түсті. Видеоны қазақстандық жігіт жариялады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Орал қаласының тумасы, АҚШ-та жүрген қазақстандық жігіт Арнольдпен көшеде кездесіп қалғанын әлеуметтік парақшасында жариялады. Видеода Шварценеггер жалғыз велосипедпен кетіп барады. Көлік тізгіндеген жігіттер онымен еркін амандасқан.

АҚШ-тағы бұл жағдай желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Қала мэрімен еркін кездесу, амандасу, тіпті оның жалғыз жүруі жұртты қатты таңғалдырған.

Олар қазақстандық шенеуніктер бұлай жалғыз жүрмек түгілі, велосипедке де отырмайтынын жазуда.

Ұсынылатын