Friday, 22 November,2024

"Қайыршы". Әнші Бүркіттің қарындасы Әсел Асқар оқырмандарына қымбат көлікке ақша беріңдер деп сынға қалды

Алмас Абылай
Фото instagram.com/assel.askar/

Актриса әрі блогер Әсел Асқар әлеуметтік парақшасында біртүрлі жазба жариялады. Онда ол оқырмандарына қымбат көлік алып беруге ақша жинап беріңдер деген ұсыныс тастаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Танымал әнші Бүркіттің қарындасы өз тілегін әлеуметтік желіде жариялады. Бейнежазбада "Гелен" көлігіне қатты ғашық, әрі асық екенін жазған. Ал сол арманына жету үшін халықтан ақша сұрапты.

Оның бұл жазбасына бір күнде 1 миллион теңгеден аса қаржы аударған оқырмандары бар. Бірақ басым бөлігі блогердің әрекетін сынға алып, оның орнына қайырымдылыққа жұмсаған жөн деп отыр.

"Қайыршы, ақша сұрағаны несі жұрттан, өзің еңбектеніп алмайсыың ба". "Мен Әселді дұрыс адам деп жүрсем қатты қателесіппін". "Бұл дұрыс емес, миға қонбайды". "Ұят емес пе, халықтан ақша жинап көлік аламын дегеніңіз", - деген түрлі жазбалар жазылуда желіде.

Ұсынылатын