Saturday, 23 November,2024

Қала мэрі балық аулап жүріп 1 миллион доллардың есірткісін тауып алды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

АҚШ-та қала мэрі отбасымен балық аулауға барып, бір қап есірткі тауып алған. Шамамен оның құны 1,1 миллион доллар тұрады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Оқиға  АҚШ-тың Флорида штатындағы Тампа қаласында болған. Қала мэрі Джейн Кастор балық аулап жүріп 30 келіден астам кокаин тауып алды.

Әкім отбасымен Атлант мұхитына балыққа шыққанда су бетінде қалқып жүрген пакетті байқаған. Джейн Кастор көп жыл бойы полицияда жұмыс істегендіктен пакет ішінде есірткі екенін бірден білген.

Осылайша табылған есірткі туралы жағалау күзетіне хабарлапты. Кейіннен тексеру барысында зиянды заттың құны 1,1 миллион доллар болатыны анықталған.

Ұсынылатын