Қаласын су басқан Орал әкіміне қатаң сөгіс жарияланды
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Су тасқынына дайын болмаған Орал қалас әкімі Миржан Сатқановқа қатаң сөгіс жарияланды, - деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Сіздер су тасқынына дайын болмадыңыздар. Тіпті қала әкімдігінің ғимараты да суға батты. Мұның бәрі жауапсыздықты көрсетеді. Кеше-бүгін қаланы араладым, кейбір шағынаудандарда мен келгенде жұмыс енді ғана басталып жатыр. Орал әкіміне қатаң сөгіс жариялаймын. Қала мен аудандар күшейтілген режимде жұмыс істеуі керек. Жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстаңыздар", - деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.