Қалың тұманға байланысты Астанадан шығатын республикалық трасса жабылды
Уақыт.кз
Фото
Қалың тұманның түсуіне байланысты Астанадан шығатын республикалық тас жолдағы көлік қозғалысына тыйым салынды, деп хабарлайды Уақыт.кз.
“Бүгін сағат 10:30-дан бастап күн райының нашарлауына байланысты (қалын тұман) республикалық маңызы бар Екатеринбург қаласы – Алматы қаласы трассасының (1291-1353 шақырым аралығы) «Астана қаласы –Анар бекеті» учаскесі барлық автокөлік түрлеріне жабық”, - делінген хабарламада.