Қалыңдығы 30 см. ШҚО-да алғашқы қар түсті
Uaqyt.info
Фото Видеодан кадр
Биыл Шығыс Қазақстан облысында қар ерте түсті. Марқакөл қорығында екі күн толастамай жауған қардың қалыңдығы 30 см жеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің хабарлауынша, жылдағыға қарағанда биыл қар ерте түсті. Екі күн бойы толассыз жапалақтаған қардың қалыңдығы 20-30 сантиметрге дейін жеткен.
«Соңғы 10 жыл көлемінде қардың осыншама ерте жаууы алғаш рет. Бірақ қар тез еріп кетті», — дейді Көккөл сарқырамасының маңында орналасқан туристік лагерь жетекшісі, альпинист Вячеслав Орлов.