Қамаудағы адамды ұру мақтаныш па? Рамзан Қадыров ұлының ісіне риза болып отыр
Алмас Абылай
Фото
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров ұлының қамаудағы адамды ұрып-соққан бейнежазбасын жариялап, мақтанды. Видеода ұлы құранды өртеді деген айыппен ұсталған Никита Журавельді тепкілеп жүр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бейнежазбаны Қадыров әлеуметтік парақшасында жариялады. Онда Рамзанның ұлы орындықта отырған Журавельді ұрып, тебе бастағаны көрінеді. Жерге құлатып тепкілеуге кіріскенде видео аяқталады. Журавель қарсыласпай, қолымен бетін жабады. Видеоны кім, қайда түсіргені белгісіз.
"Ұлым Адамның қасиетті жазбаны өртеген Журавелді ұрғаны туралы әр түрлі пікір айтылуда. Бірақ бұл жолы ен оның әрекетін қолдаймын. Мұндай арандатушылар жазасы ауыр болуы тиіс", - деп жазады ол.
Бейнежазбаға жазылған пікір көп.