Saturday, 23 November,2024

Қамшы Көлбаевқа тиесілі 720 пәтер мемлекет меншігіне өтті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

"Коля-Қырғыз" лақап атымен танымал болған қырғызстандық авторитет Қамшы Көлбаевтың 720 пәтері мемлекет меншігіне өтті. Айта кетейік, қылмыс әлемінің серкесі қазан айында арнайы операция кезінде көз жұмған болатын, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемагенттік директорының бірінші орынбасары Медер Мәшиев мәлімдеді. Оның айтуынша, 720 пәтер қаза тапқан Қамшы Көлбаевқа тиесілі болған. Бұдан бөлек мемлекет меншігіне 38 жылжымайтын мүлік, 15 акция және кәсіпкерлік субъектілерінің жарғылық капиталындағы үлестері, сондай-ақ 356 көлік құралдары өтті.

Uaqyt.info бұған дейін Қамшы Көлбаевтқа тиесілі асыл тұқымды жылқылардың тәркіленгенін жазған болатын.

Ұсынылатын