Saturday, 18 May,2024

Қамшыбек Қоңқабаев қарсыласын қуалап жүріп сабады

Алмас Абылай
Фото Ашық дереккөзден

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында ұлттық құраманың капитаны Қамшыбек Қоңқабаев жеңіске жетті. Ол қарсыласын нокдаунға түсірді, деп хабарлайды Uaqyt.info .

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін Қамшыбек Қоңқабаев ресейлік боксшы Алексей Дроновты айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп – 4:1. Алғашқы раунда төрешілер басымдықты Дроновқа бергенімен, Қоңқабаев қалған екі кезеңде қарсыласын қуалап жүріп сабап тастады. Тіпті ресейлік боксшы есеңгіреп, төреші нокдаун тіркеді.

Осылайша, ұлттық құраманың капитаны әлем біріншілігін сәтті бастады. Оның келесі қарсыласы сириялық боксшы екенін айта кетейік.

Ұсынылатын