Saturday, 5 October,2024

Қанды қаңтар: Алматыда президент резиденциясы мен әкімдікке жасалған «шабуыл» бойынша сот тыңдауы басталды

Алмас Абылай
Фото Zakon.kz

Алматыда президент резиденциясы мен әкімдікке жасалған «шабуыл» бойынша сот тыңдауы басталды. Айыпталып жатқан 11 адам, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Азаттықтың жазуынша айыпталушылардың алды 53 жаста, ең кішісі 22 жаста: Серікбол Орынғазы (1970 жыл), Рысбек Мамыров (1975 жыл), Арман Әлімбеков (1975 жыл), Әбидолла Таубай (1978 жыл), Нұртас Қаранеев (1981 жыл), Қосай Маханбаев (1983 жыл), Серік Кекілбаев (1987 жыл), Нұрсұлтан Байкісиев (1989 жыл), Ақжол Жандарбеков (1991 жыл) Дәурен Бакиев (1999 жыл), Тұрсынбай Алпысбаев (2001 жыл).

Олардың барлығына Қылмыстық кодекстің 272-бабының ("Жаппай тәртіпсіздік") 2-бөлігі ("Жаппай тәртіпсіздікке қатысу"), 269-бабының ("Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу") 3-бөлігі ("өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолдану арқылы") бойынша айып тағылған.

Істі судья Ерлан Болатов жүргізді. Алдын ала сот тыңдауы ашық өтіп жатыр.

Сот процесінің жай басталуының бір себебі — 500 беттік іс құжаттары орыс тілінен қазақшаға аударылған.

Ұсынылатын