Қаңтар оқиғасынан кейін “Астарлы ақиқат” не үшін жабылып қалды?
Журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында Дина Төлепберген Қаңтар оқиғасынан кейін “Астарлы ақиқат” бағдарламасының не үшін 9 айға жабылып қалғанын түсіндірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
«Неліктен деген сұрақ, әрине, менде де туындады. Маған «енді қазір сен БАҚ-қа шығып, шулайтын болсаң, сенің де бұл іске қатысың бар деп, ертең айып тағуы мүмкін, сондықтан шулатпағаның абзал» деп ақыл-кеңесін айтты. Халық ол кезде қатты наразы болды. Ал «Астарлы ақиқат» бүкіл наразылықты шығаратын бағдарлама. Одан сайын өршіп тұрған жағдай кезінде халықты одан ары өршіту дұрыс емес деді. «Егер сен халықтың жанайқайын жеткізе берсең, халық одан шулап, елдегі саяси жағдай нашарлап кетуі мүмкін» деді. Сол кезде «мен үшін не маңызды, бейбіт өмір ме, әлде «Астарлы ақиқат» па?» деп ойладым. Әрине, бейбіт өмір», – деді Дина Төлепберген.