Қаңтар құрбандарының үні естіле ме? Досаев қираған әкімдікке қайта көшпек
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Алматыдағы "Қаңтар оқиғасы" кезінде қирап, жанып кеткен әкімдік ғимараты қайта жөнделді. Келер аптада қала әкімі ескі әрі су жаңа кабинетіне қайта көшпек, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы қала әкімінің аппарат басшысы Бейбіт Шаханов айтты. Сөзінше қазірдің өзінде кейбір қызметкерлер көшіп үлгерген.
"Басқармалар мен қызметкерлердің негізгі бөлігі алдағы аптада көшеді. Алматы әкімі Ерболат Досаев, болжам бойынша, келесі аптада келеді", – дейді ол.
Айта кетейік, қалалық әкімдік ғимаратын жөндеуге миллиардтаған қаржы бөлінді.