Saturday, 23 November,2024

"Қаптаса ешкім білмейтін еді". Мейрамхана ішіндегі электр бағанына жұрт аң-таң

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Интернетте көшедегі электр бағанының сыртынан мейрамхана қабырғасын тұрғызған кәсіпкердің әрекеті қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеода мейрамхана ішіндегі электр бағанын байқайсыз. Тіпті оны жасырып, сыртын қаптамақ түгілі, тура келушілер отыратын орындықты да сол маңға қойыпты.

Кәсіпкердің бұл әрекеті қызу талқыға түскен. Бірі бақылаудың жоқтығы осындай ойға келгенде істеуге алып келеді дегенді жазса, енді өзгелері бағанның сыртын қаптап, көпке білінбейтіндей жасауы керек еді дегенді алға тартқан.

"Сыртын қаптап қойса қатып кетер еді". "Тамағы дәмді болса мән беріп не қыласыңдар". "Қазақстанның кең жерінде сыймай қалған мейрамхана ма". "Ешкім тексермеген соң ойға келгенді жасайды", - деген пікірлерін қалдыруда желідегі жұрт.

Ұсынылатын