Қар құрсауында қалған 200-ден астам адам пойызбен эвакуацияланды
Uaqyt.info

Қолайсыз ауа райына байланысты Көкшетау-Астана тасжолында қалып қойған 200-ден астам адам пойызбен эвакуцияланды. Ақкөл стансасынан олар пойызға отырып, Астанаға жеткізілді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
«Жаңа жыл қарсаңында ауа райының қолайсыздығына қарамастан теміржолдағы пойыз бригадасының бүкіл қызметкерлері жолаушы пойыздарының қозғалысын қамтамасыз етіп, тасымал кезінде барлық жағдайды жасап жатыр», - деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.