- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- "Қара бастың қамы үшін адайлардың абыройын төкті". Жаңаөзендік жігіт елордадағы мұнайшылар әрекетіне ренжіді
"Қара бастың қамы үшін адайлардың абыройын төкті". Жаңаөзендік жігіт елордадағы мұнайшылар әрекетіне ренжіді
Интернетте Астанаға барып, наразылық білдірген мұнайшылар әрекетіне ренжіген азаматтың жазбасы тарады. Ол жұмысшылардың бұл ісі таза қара бастың қамы болып кетті дегенді айтқан, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Аудиожазба желіде тарады. Онда өзін Жаңаөзеннің жігіті, адай руының баласы деп таныстырған азамат мұнайшылардың әрекетін қатты сынға алған. Сөзінше елордаға түнеген жұмысшылардың талабы ақшаға құнығу, қара басының қамын күйттеу.
"Жаңаөзендіктердің істеп кеткені ұят болды. Қара бастарының қамы үшін Астанаға барып, министрлік алдына түнеп адайлардың абыройын төкті. Бұл құныққандық қой. Олардан басқа қаншама адам жұмыссыз жүр. Өзімізде адайдың баласымыз. Бәрін Маңғыстауда да шешуге болады ғой. Мұнда наразылыққа шыққан жандардың талабы орындалып жатыр. Ал олар болса тендерден ұтылып қалған компаниядан ұтқан компанияға жұмысқа алынады деді. 700 мың айлықтары сақталады деді. Бірақ соған қарамастан Астанаға барды. 700 мың деген өте көп ақша ғой. Мен өзім ондайды тек кредиттен ғана алып көрген шығармын, былай айлықпен ұстаған емеспін. Қазақстанда 19 миллионға жуық халық бар. Әрбірі айлығымды осындай қыл десе елдің іші не болады. Ақымақтардың әңгімесі ғой. Түсінер едім, қарапайым халыққа пайдасы бар дүние үшін шеруге шықса қолдауға болатын еді. Жер үшін, газ үшін, ел үшін дегендей. Бірақ мынау таза өздерінің қарабасының қамы ғой", - дейді ол.
Десе де, саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт Астанаға барған Жаңаөзендік мұнайшылар әрекетін қолдайтынын жазған. Ол авторитар биліктің бұған дейін істеп келген жүйесі енді Маңғыстау жұртшылығына өтпейді деп отыр.
"Авторитар режим "жұмысшылар миллион теңгені менсінбейді" деген месседжді медиа арқылы халыққа жаппай таратты. Осылайша оларды жек көрінішті қылуға тырысты. Алайда бұл манипулияция өтпеді. Қаңтар оқиғасы авторитар режимнің логикасын өзгертпесе де, қазақстандықтардың ойлау жүйесін өзгертті. Жаңаөзен тек мұнайшылардың қаласы емес. Жаңаөзен қазақстандықтардың лайықты өмірі мен ар-ожданы үшін күрестің символына айналғалы қашан. Сондықтан билік жылы жауып қоюды ұмытып, нақты шешімі бар әрекетке көшуі тиіс. Әрі Жаңаөзендіктер мен "Ескі Қазақстанды" кінәлауды қою керек. Ақорда бұл мәселені шешпесе онда биліктің хәлі мүшкіл деген сөз", - деп жазады сарапшы.
@asylbekkusainov #жанаозен ♬ оригинальный звук - Asylbek Kusainov