- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Қара кассадан жиылған қаражат қажылық сапарды оң қыла ма? Діни басқарма анығын айтты
Қара кассадан жиылған қаражат қажылық сапарды оң қыла ма? Діни басқарма анығын айтты
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қоғамда Қара касса ойнау арқылы жиылған қаражатпен қажылығын өтеп жүрген адамдардың көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Діни басқарма дерегіне сүйенсек, қоғамда "Қара касса" ойнау арқылы ұмра қажылығына бару оқиғалары жиілеген. Басқарма өкілі Хасан Аманқұлдың түсіндіруінше, мұндай тәсілмен барған адамдар қажылыққа қарыз ақшаға барған болып есептеледі. Өйткені, ойынға қатысушылардың ішінде қажылыққа соңғы баратынынан басқасы ай ақшасын ойынға келесі айларда қосады. Сәйкесінше, сапар қарыз ақша есебінен орындалмақ.
"Кейбір ғалымдар мұндай жолмен ұмраға баруды сүннет де, мұстахап да емес деп санайды. Яғни, жалпы айтқанда, бұлай істемеген жақсырақ, дейді. Себебі, ұмраға алдын барып келген адам кейін баратын адамдардың ақшасын қайтарады. Демек ол адам ұмраға қарыз алып барып келген болып тұр. Бұл іс – мәкруһ", – деп түсіндірді Хасан Аманқұл.
Оның сөзінше, шариғатта қарыз алу тек қажетті істерге және қатты қиналған жағдайда ғана бұйырылады. Ал ұмра ғибадаты міндеттелген құлшылыққа жатпайды.