- Басты жаңалықтар
- Шоу-бизнес
- “Қара шаңырақтан қолыңды тарт!” Меруерт Түсіпбаева Азамат Сатыбалдыға ескерту жасады
“Қара шаңырақтан қолыңды тарт!” Меруерт Түсіпбаева Азамат Сатыбалдыға ескерту жасады
Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева Шәкен Айманов атындағы киностудияның ауласын қытайлық компанияға жалға берген Азамат Сатыбалдыны сынады. Әнші “Қазақфильм” президентінің әрекетіне қатты ашуланып жазба қалдырған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"Кезінде, Азамат Сатыбалды, Есентаеваның "Баян сұлу - Қозы Көрпеш" сериалын сынағанымда, мені "хайп қуып отыр" деп сұхбат беріп едің! Ақыры ол сериалды көрсетуге тыйым салынды. Енді, "КТК"- ға сұхбат беріп , "Мен өзімді сатам ба, оны өзім білемін" депсің , "пажалыста", өзіңді сат! Қара шаңырақтан қолыңды тарт! Менің атам, Шәкен Айманов атындағы қара шаңырақтың ауласын "қытайдың көліктеріне толтырам ба, оны жарнамалаймын ба, өз еркім" депсің! Қытай көлігін кіргізгенің – қақпаны қытайларға ашқаның! Ойлан, баста дәурен тұрмайды, бауырым. Асыра сілтеме! Қаншама "крышам плотный" дегендер абақтыда отыр. Арыстанбектің өміріне үңіл. Сенен бұрын да "Қазақфильм" болған, Қытайдың көліктерін аулаға қоймай-ақ күн көрген. Қолыңнан келмесе, орынды босат! Өз еркің содан кейін, Қытайдың көлігін сат, өзіңді сат. Тек арыңды сатпа, бауырым! Ақша табылады ғой, абырой қымбаттырақ! "Қазақфильмнің" тұрған жері мықты, талай ашкөз үй саламын деп көз тігуде, ол да бар. Кім біледі? Қай мақсатпен Азамат Сатыбалды қара шаңырақты қытай "автобазарына" айналдырып отыр?! Сұрақ көп, сен "Қазақфильмді" құрдымға кетіріп, бай-бағландар үй, вилла салу үшін келдің бе? Шыныңды айт, аспаннан жерге түс!" –деп жазды Меруерт Түсіпбаева.
Естеріңізге сала кетейік Азамат Сатыбалды қытай көліктеріне жарнама жасап жүрген Азамат Сатыбалды туралы бұған дейін бірнеше материал жазды.