Saturday, 5 October,2024

Қараға жүретін заң, ханға жүрмейтіннің тағы бір дәлелі: Түркістан облысында жедел жәрдем қызметкерін ұрған ер адамды полиция жазасыз қалдырған

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Түркістан облысында жедел жәрдем қызметкерін ұрған ер адамның әрекеті жұрт назарына түсті. Тіпті оның бұл қоқан-лоққысына полиция да араласа алмаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жағдайды белгілі заңгер Айгүл Орынбек әлеуметтік парақшасында жариялады. Бейнежазбада жедел жәрдем қызметкерін соққыға жығып, кейін бір бұрышта ішімдік ішіп тұрған ер адамды байқайсыз. Мұнан кейін полициямен әңгімелесіп, көлік тізгініне отырып, кетіп қалғанын көруге болады.

"Ақшаң болса қалтаңда, сыра ішіп, көлік басқарып талтаңда! Қараға жүретін заң, ханға жүрмейтіннің тағы бір дәлелі! Бәрінің көзінше полиция қызметкерінің қолын алып, көлік басқарып кетіп қалу –жемқорлықтың шегі! Қызметте жүрген дәрігерлерді ұрып соғып, ішіп алып көлік басқарғаны үшін полиция қызметкерлері жәй ғана жібере салғанын Мұрат Қабденов мырза қалай түсіндіресіз", - деп жазады Айгүл Орынбек.

Желідегі жұрт бұл жағдайға шамданып отыр. Тіпті өңірде жемқорлық жайлап кеткенін, былыққа батқанын ашық жазған.

Ұсынылатын