Қарағанды облысында 14 жастағы спортшы аттан құлап көз жұмды
Uaqyt.info

Каратэден републикалық және халықаралық турнилердің жеңімпазы, Азия біріншілігінің жүлдегері Арина Соннова жансақтау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қайғылы хабарды Осакаров ауданының әкімі Руслан Нұрмұханбетов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. Онда әкім жас спортшының қазасына байланысты, оның жақындарына көңіл айтқан.
Ал облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі 14 жастағы спортшының аттан құлап, ауыр жарақаттан қайтыс болғанын мәлімдеді.