Monday, 30 December,2024

Қарағанды облысында бір отбасының төрт баласы өртеніп кетті

Uaqyt.info
Фото видеодан кадр

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қасым Аманжолов ауылында қайғылы оқиға болды. Бір отбасының төрт бірдей баласы үйден шыққан өрттен көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Өрттен көз жұмған бүлдіршіндердің жастары да әр-түрлі. Үлкені наурызда 5-ке толса, екінші табылған кішкентай сол айда 4-ке толатын еді. Үшінші көз жұмған бала екі жаста. Төртінші қыз баланың қанша жаста екені анықталып жатыр.

Айта кетейік, үйде өрт болғанда кішкентайлардың ата-анасы қастарында болмаған. Қарқаралы ауданының әкімдігі ақпаратты сәл кешірек толықтыратынын мәлімдеп отыр.

Ұсынылатын