Saturday, 23 November,2024

Қарағанды облысында ер адам ажырасу рәсімінде әйелін пышақтап өлтірді

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында ер адам өз әйелін пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Оқиға ажырасу рәсімі кезінде болған. Бұқар жырау ауданының тұрғыны АХАЖ ішінде әйеліне пышақ ала жүгіреді. Тіпті жарақаттап, өлімші күйге түсірген.

Артынша оқиға орнына жедел жеткен дәрігерлер әйелді дереу медициналық мекемеге жеткізгенімен, ол сол жерде қайтыс болғаны белгілі болды.

Қарағанды ​​облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген полиция ақпаратында.

Ұсынылатын