Saturday, 5 October,2024

Қарағанды облысында кәсіпкерді қорқытқан полиция бастығы қызметінен кетті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қарағанды ​​облысы прокуроры мемлекеттік және құқық қорғау органдарының заңсыз араласқан Приозерск қаласының бірқатар полицейлерін жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Приозерск қаласының прокуроры әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында қалалық Полиция бөлімі бастығының мейрамхана әкімшісіне бақылаушы-қадағалаушы органдардың тексерулерімен қорқытып, Жаңа жыл қарсаңында жұмыс істеуге тыйым салынатыны туралы телефон арқылы сөйлесуінің бейнежазбасын анықтады.

Тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасы Конституциясының кәсіпкерлік қызметпен айналысу еркіндігіне кепілдік берілетіні туралы 26-бабының талаптарын бұзу фактісі анықталды.

Аталған факті бойынша Қарағанды облысының прокуратурасы қадағалау актісін енгізді.

Нәтижесінде Тәртіптік комиссия Приозерск қаласы Полиция бөлімінің бастығын атқаратын қызметінен босату туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта тиісті материалдар ҚР ІІМ-ге жолданды.

Сонымен қатар, аталған Полиция бөлімінің 5 лауазымды тұлғасы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтары бұзылған жағдайда дереу +7 778 099 91 11  нөмірі бойынша (Қарағанды облысы прокуратурасының мобильді тобы) немесе аумақтық прокуратура органдарының сайттарында көрсетілген нөмірлер бойынша хабарласуды сұраймыз.

Ұсынылатын