Saturday, 23 November,2024

Қарағанды облысында мас күйінде көлік басқарған әкім ұсталды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Қарағанды облысында мас күйінде көлік жүргізген аудан әкімі қызметінен босатылуы мүмкін. Белгілі болғандай, ол бұған дейін де бірнеше мәрте ішіп алып көлік жүргізген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Қарағанды облысындағы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әдеп жөніндегі кеңесі Бұқар Жырау ауданы Ғабиден Мұстафин кентінің әкімі Құсайыновқа қатысты қызметтік әдеп нормаларын бұзу бойынша істі қарады. Кент әкімін атқарып отырған мемлекеттік қызметінен босату ұсынылды", - деді Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі, Қарағанды облысы бойынша "Әділдік жолы" РҚБ басшысы Рустам Танишпеков.

Әкім бұған дейін де ішіп алып көлік жүргізгені үшін жауапкершілікке тартылған екен. Мәселен ол 2018 жылы Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша қызметтік көлікті мас күйінде басқарғаны үшін қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылса, 2020 жылы жүргізуші куәлігі жоқ болса да, көлік жүргізгені үшін ескерту алған.

Ұсынылатын