Saturday, 23 November,2024

Қарағанды облысында өлтірілген екі сәбидің денесі табылды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Қарағанды облысында 2 және 4 жасар балалардың мәйіті табылды. Олардың өліміне анасы күдікті ретінде танылып, ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Балалардың денесі Бұхар Жырау ауданындағы елді мекендердің бірінде табылған. 2 және 4 жасар бүлдіршіндерді кімнің өлтіргені әзірге белгісіз. Полиция күдікті ретінде олардың анасын ұстады.

“Қылмыс жасады деген күдікпен олардың анасы ұсталды. Әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. іс Қарағанды облысы Полиция департаментінің басшысының тікелей назарында”, - деп хабарлады полиция.

Ұсынылатын