Қарағанды облысында қаза тапқан кеншілердің саны 28-ге жетті
Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада қаза тапқан адамдардың саны 28-ге жетті. Оқиға орнында Мемлекет басшысы жүр. Президент опат болған кеншілердің отбасына тиісті көмек көрсетілінін жеткізді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Мемлекет басшысының айтуынша, жер астында қалған кеншілерді құтқару, зардап шеккен және қаза болған азаматтардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсету – кезек күттірмейтін міндет
“Ең алдымен, құтқару жұмыстары жүргізіледі. Екіншіден, зардап шеккендер мен медициналық көмекке мұқтаж азаматтардың нақты санын анықтауымыз керек. Үшіншіден, осы апаттан зардап шеккендердің барлығының отбасына материалдық көмек көрсетеміз. Егер қажет болса, арнайы қор ашамыз. Мұнымен өзім айналысамын”, – деді Президент.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы қазіргі уақытта кеншілердің зейнетке шығу жасына қатысты мәселе қарастырылып жатқанын айтты.