Қарағанды облысында УАЗ көлігі екі жасар баланы мыжып кетті
                     Uaqyt.info 
                    
  
                    
  
                
                
                         Фото pixabay
                                                        Қарағанды облысының Шет ауданындағы Ақсу-Аюлы ауылында жантүршігерлік оқиға болды. УАЗ көлігі екі жасар баланы басып кетіп, мерт қылды, деп хабарлайды Uaqyt.infо.
Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, УАЗ көлігін тізгіндеген 35 жастағы жүргізуші артқа жүргенде баланы байқамай, басып кеткен. Алған жарақаттан 2 жастағы бала көз жұмды.
"УАЗ көлігінің 35 жастағы жүргізушісі кері бағытта келе жатып екі жасар баланы қағып кетті. Оқиға салдарынан жәбірленуші алған жарақаттарынан қайтыс болды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді баспасөз қызметіндегілер.
            


