Қарағанды облысында ұшақ апаты: Қайтыс болғандардың кім екені белгілі болды
Қарағанды облысында оқу-жаттығулар кезінде екі орынды ұшақ апатқа ұшырап, ішіндегі адамдар қаза тапты. Қайғылы оқиға 30 қыркүйекте таңертең болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Азаматтық авиация дерегіне сүйенек, ұшақ апатынан 2 адам көз жұмған.
"2023 жылы 30 қыркүйекте оқу-жаттығу кезінде Қарағанды облысындағы Балапан алаңында P2002 типті Upla286 ұшағы сағат 07:46-да ұшып шыққаннан кейін байланысқа шықпаған. Іздеу барысында талқаны шыққан ұшақ пен екі адамның денесі табылды", делінген ақпаратта.
Кейіннен апаттан ұшақ командирі мен әскери институттың курсанты қаза тапқаны нақтыланды. Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 08:44-те Қарағанды облысы Доскей ауылынан 5 шақырым жерде болған.
Азаматтық авиация комитеті мәліметінше, әуе апатынан қаза тапқандар - 1097 сағат ұшу тәжірибесі бар ұшақ командирі (ұшқыш-нұсқаушы) мен Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанты.
Апат бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.