Monday, 16 September,2024

Қарағанды облысында жол апатынан алты адам қаза тапты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

6 қараша күні Алматы - Екатеринбург тас жолында Volkswagen жеңіл автокөлігі мен Volvo жүк көлігі соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның бес жолаушысы оқиға орнында қаза болды.

Аталған дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс жасап жатыр.

Ұсынылатын