Қарағанды облысында жолаушылар мінген автобус қар құрсауында қалды
Uaqyt.info
Фото
Қарағанды облысында 28 жолаушысы бар автобус қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлайды Уақыт.кз.
Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана-Алматы бағытында бет алған автобус Осакаров ауданынан 50 шақырым жерде тоқтап қалған. Құтқарушылар 28 адамды Осакаров ауылына эвакуациялады.
Ал денсаулығы сыр берген бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. Мамандар ауа-райының қолайсыз кезінде, әсіресе түнгі уақытта алыс жолға шықпауға кеңес береді.