Қарағанды облысындағы бірқатар ауылда төтенше жағдай жарияланды
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Қарағанды облысындағы 3 ауылда төтенше жағдай жарияланды. Себеп дала және орман өрті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Төтенше жағдай жарияланғаны туралы құжат АшықНҚА порталында жарияланған. Онда дала және орман өртіне байланысты мұндай шешім қабылданатыны көрсетіліп отыр.
"Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Талды, Ақшоқы, Ақсу-Аюлы ауылдық округтерінің аумағында 2023 жылдың 14 шілдесінен дала және орман өрттерінің орын алуына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын", - делінген жария талқылауға ұсынылған Шет ауданы әкімінің шешімінде.