Monday, 16 September,2024

Қарағанды облысындағы жарылыстан қаза тапқандардың кімдер екені белгілі болды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қарағанды облысының Ботақара кентіндегі жарылыстан қаза тапқан екі адамның кімдер екені белгілі болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жарылыстан қаза тапқан екі адам ерлі-зайыптылар екен. 50 жастағы Төлеген және 49 жастағы Алма Рахметовтер полиция қызметкерінің ата-анасы болып шықты. Облыстың Полиция департаменті басшылығы әріптесіне көңіл айтты.

«Қарағанды облыстық Полиция департаментінің басшылығы, жеке құрамы және ардагерлер кеңесі, Бұқар Жырау аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі Дәурен Төлегенұлы Тұрсынбековке ата-анасы Төлеген Тұрсынбекұлы мен Алма Рахметованың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады», - деп жазылған жарияланымда.

Ботақара кентінде 30 қаңтар сағат 00:07-де газ баллоны жарылып, соның салдарынан екі адам көз жұмған болатын. Тағы бірнеше адам түрлі дене жарақатын алды.

Ұсынылатын