Saturday, 23 November,2024

Қарағанды облысындағы жарылыстан зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды

Uaqyt.info
Фото

Қарағанды облысы Ботақарадағы екіқабатты үйдегі жарылыс салдарынан қаза тапқандардың саны үш адамға жетті. Зардап шеккен шетелдік азамат аурухана төсегінде жан тапсырды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Естеріңізде болса, Қарағанды облысында екі қабатты үйде газ баллоны жарылып, соның салдарынан екі адам көз жұмған болатын. Түрлі дене жарақатын алған үшінші адам аурухана төсегінді көз жұмды.

Ал үйсіз қалған тұрғындар қазіргі уақытта басқа жерде тұрып жатыр. Оларға уақытша баспанамен қамтамасыз етілген.

“ТЖД ақпараты бойынша, сағат 00:11-ден бастап 03:37-ге дейін құтқару жұмыстары кезінде үйінді астынан 2 адам өлі күйінде шығарылған. Тағы 5 адам зардап шеккені белгілі болды. Түрлі дене жарақаттарымен Бұқар жырау аудандық ауруханасына үш бала жеткізілген”, - делінген ақпаратта.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұсынылатын