Thursday, 19 September,2024

Қарағанды шахтасында тағы бір кенші қаза тапты

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Қарағанды облысындағы «Саран» шахтасында қайғылы оқиға тіркелді. 43 жастағы кенші ауыр жарақаттан көз жұмған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“12 наурызға қараған түні компанияның Көмір департаментіне қарасты «Саран» шахтасында монтаждау жұмысының арнайы жабдықты жөндеу кезінде 1980 жылы туған тау-кен жұмысшысы жарақат алып, соның салдарынан қаза тапты. Жұмыс ZY7200-13/30 секциясын құрастыру және монтаждау жөніндегі жобасына сәйкес болды, ол кезде қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті нұсқау берілген. Болған жазатайым оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия жұмыс жүргізеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, жабдықты бекіту болты үзіліп кеткен”, - делінген компания ақпаратында.

Ұсынылатын