Thursday, 19 September,2024

Қарағанды шахтасындағы жарылыс: Қаза тапқандардың саны 11-ге жетті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қарағандының Костенко шахтасында болған жарылыстан 11 адам қаза тауып, 18 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қайғылы оқиға бүгін болған. Аrcelormittal.kz жазуынша, апат болған кезде шахтада 252 адам болыпты. 205 кенші жер бетіне шығарылғанымен, 11 адам қаза тапты.

Қазір апатқа қатысты жедел штаб құрылып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнына келген Қарағанды облысы әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қаза тапқан кеншілердің отбасыларына көңіл айтты.

"Мен шахтаға келген сәттен бастап менің басшылығыммен жедел штаб құрылды, оның құрамына жауапты тұлғалар мен әріптестер кірді. Біз сіздермен қиын күндерде бірге боламыз және қолдаймыз", - деді әкім.

Ұсынылатын